Шымкенттік дәрігерлер 235-ші бүйрек трансплантациясын сәтті жасады

19

Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық аурухананың трансплантолог-дәрігерлері тірі донордан жасалған кезекті – 235-ші бүйрек трансплантациясын сәтті аяқтады деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл жолы 1982 жылы туған әйел өз туған сіңлісіне (1983 жылы туған рецепиентке) өмір сыйлады. Науқас 2022 жылдан бері созылмалы терминальді бүйрек жетіспеушілігі диагнозымен ауырған. Ол нефролог дәрігердің бақылауында болып, 2024 жылдан бастап бағдарламалық гемодиализден өтіп келген.

Сәтті өткен отадан кейін донор мен рецепиент жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болды. Қазіргі таңда екеуі де хирургия бөліміне ауыстырылды. Екі пациенттің де жағдайы жақсы. Қалыпты өмірге оралған рецепиент пен донор медицина қызметкерлеріне шексіз алғысын білдірді.

Алдыңғы пост
Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытыла бастады
Келесі пост
Шымкентте үшінші жүрек трансплантациясы сәтті жасалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu