Спорттық атақтарды негізсіз беру бойынша қылмыстық іс қозғалды

233

Антикор спорттық атақтарды негізсіз беру бойынша қылмыстық іс қозғады.

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы А. Әшімовтің жалған спортшыларға «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» спорттық атақтарын негізсіз беру туралы бейне ақпараты зерделенді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған жарияланымға уақытылы ден қойып, сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

Агенттіктің ұсынысы бойынша жалған спортшылар спорттық атақтарынан айырылды.

Жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша Агенттік Туризм және спорт министрлігінің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар енгізді.

Спортты теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы халықаралық стандарттарды ратификациялау, жоғары жетістіктер спортын қаржыландыруды орталықтандыру, қаржыландыру нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін спорт, инфрақұрылым, спорттық іс-шаралар мен жетістіктер саласында айналысатын адамдар бойынша толық деректерді қамтитын Е-sport Ұлттық цифрлық платформасын енгізу ұсынылды.

Бұл спортшылар, инфрақұрылым, жарыстар мен жетістіктер туралы бірыңғай деректер қоймасын құруды көздейді және спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.

Алдыңғы пост
Семейде жоғалған қыздың өліміне анасы кінәлі ме? 
Келесі пост
Ресейде ұсталған қазақстандықтардың Украинаға соғысқа жіберілгені рас па?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu