252
Қостанайлық ер адам су қоймасы жарылғанын айтқаны үшін жауап беруіне тура келді. Ол WhatsApp әлеуметтік желісін пайдаланып, жақындарына дауыстық хабарлама жолдаған. Яғни, ер азамат, Затоболовка мен Қостанай су астында қалып, Қорған 12 метр төмен болғандықтан толықтай суға кететінін айтқан.
Алайда, ақпарат жалған болып шықты. Десе де, ол осы өтірігі үшін жауапкершілікке тартылып, 74 мың теңге айыппұл арқалайтын еді. Бірақ, сот, оның дауыстық хабарламаны тек туыстарына ғана жібергенін ескеріп, әкімшілік құқықбұзушылық құрамның болмауына байланысты істі тоқтатты.