567
Табиғи апаттың салдарынан 9 мыңнан астам үй жөнделетін болды. Оның ішінде 4315 үй апатты жағдайда. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
«Жалпы ел бойынша 9 мыңнан аса үй жөндеуден өтетін болады. 4 315 үй апатты деп танылды. Осыған байланысты өңірлерде 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталды. Бұрын пайдалануға берілген 3417 пәтер мен үй сатып алынады деп жоспарланып отыр », – деді вице-премьер.
Сондай-ақ, министр, әкімдерге құрылыс маусымының қысқа болуына байланысты жұмыстарды кешіктірмеуді құлаққағыс етті. Және, жаңа оқу жылына дейін зардап шеккендер баспаналы болуы қажет деп отыр. Жалпы осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда деді.