259
Су тасқыны көпшілікті есеңгіретіп тастағаны рас. Тіпті, қара шаңырақтан айырылғандардың жазбалары мен іштегі күйініш сөздері көптің көңіліне қаяу түсірді. Осындай мезетте, қалың жұртшылық гуманитарлық көмек жолдап, қол ұшын созды. Сондай-ақ, Ақтөбеде су тасқынынан кейін азаматтар бір реттік төлем алатын болды. Бұл үшін тұрғылықты жері бойынша қалалық немесе аудандағы жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарласуы қажет.
Қала тұрғындары мен Әйтеке би ауданының тұрғындары үшін төлем сомасы — 300 мың теңге. Басқа аудандардың тұрғындары үшін – 100 АЕК (1 АЕК = 3 692 теңге) мөлшерінде. Сондай-ақ тұрғындар Төтенше жағдайлар департаментінен су тасқынынан зардап шеккенін растайтын анықтама алуы керек.