ШҚО-дағы су тасқыны бастау алды. Қазіргі таңда бөгеттер салу, су түбін тереңдету, тазарту жұмыстары жүргізілуде деп хабарлады ШҚО ТЖД.
«Орта таулы аймақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты облыста су тасқынының екінші толқыны басталды. Қазіргі уақытта облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс аудандарында су тасқыны қаупі туындауы мүмкін. Барлық гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде. Сондай-ақ, алдын алу іс-шараларының жоспарына сәйкес жағаны нығайту және өзендердің түбін тереңдету, бөгеттер салу, қапшықтар төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдар арналарды, арықтар мен көпірлерді тазарту бойынша шаралар қабылдады. Күштер мен құралдар әзірлікке келтірілді,” – деп хабарлады ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Аяулым Кекиева.
Айта кету керек, су тасқыны мамандардың бақылауында.