332
Елімізде 350 ден аса судьяның орны бос тұр дейді депутат Нұрлан Бекназаров. Оның айтуынша, шалғай аудандарға олардың бармауы әлеуметтік пакеттің аздығынан емес, тұрмыстық жағдайға байланысты. Ол жаққа барғанда тұрғын үймен қамтамасыз етілмейді. Бүгінде осындай мәселе туындап отыр. Қазір бізде судьялар үшін 350-ден аса бос жұмыс орны бар. Оның ішінде тек 20 орын – шалғай аудандар мен аз қамтылған соттарда дейді.
Сондықтан, кандидатураларды ұсынған кезде талаптарды қалдырып, конкурс өткізбей-ақ, ұсыну мәселесі қаралып отыр. Осылайша, бос орындарды толтыру қажет дейді Нұрлан Бекназаров.
Айта кетейік, аудандық судьялардың жалақысы 700-800 мың теңгеден басталады.