Т.Рысқұлов тұрғындары: «Отметка берген кісілер, зарлай бермей, құқық қорғау органдарына жазсын»

47

Талғар қаласы, Т.Рысқұлов ауылының тұрғындары Хасанды қорғап, бейне үндеу жолдады. Олар, біз секілді ұйымшыл ауыл жоқ. Барлық тұрғындар, бір-біріне көмек беріп, көпке қолдау көрсететіндердің қатарынан дейді. Ал, Хасан ауылға мешіт салуға, басқа да әлеуметтік мекемелердің бой көтеруіне қолжәрдем берген деп отыр. Сондай-ақ, біздің ауылды қаралауды қойыңдар. Айтарларың бар болса, көпке топырақ шашпай, дәлелмен келіңдер дейді.

«Қайғылы оқиға. Таяқтың да екі ұшы бар. Соңына дейін шыдау керек. Жаман сөз айтпау керек. Отметка дейді. Ондай болса, зарлай бермей, құқық қорғау органдарына жазсын. Тексерсін. Тексермесе, содан соң айтсын. Хасан, осы ауылдың барлық бірлігіне, тірлігіне көмектеседі. Шапқылап жүрген жігітті қаралап отыр»,- дейді тұрғындар.

Сондай-ақ, Хасанды жамандап жатқандар, өш ала алмай жүргендер болуы мүмкін дейді.

Бұдан бөлек, тұрғындар, дүкендегі камераға түскен бейнені көрсетуді талап етіп отыр.

Ал, сіз не дейсіз? Ауыл тұрғындары қамауға алынғандардың таныстары емес пе? Хасанның, осы ауылды басқаратынына тағы бір дәлел бейне үндеу деп ойлайсыз ба?

Алдыңғы пост
Талғар: Дүкендегі ерегістің видеосы тарады
Келесі пост
Почта арқылы есірткі тасымалдағандардың жолы кесілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu