Талғар: Дүкендегі ерегістің видеосы тарады

141

Бір шөлмек сыраның салдары, көпке кесірін тигізіп жатыр. Бір Шерзаттың өмірін ғана қиған жоқ. Отбасын баспанасыз қалдырды. Қазіргі таңда, сан түрлі пікір қалыптасып, бірі Т.Рысқұлов ауылын «Хуторский» деп атап, бандылардың отаны десе, енді бірі ұйымшыл ауыл деп отыр. Ұйымшыл, бірлігі мықты ауылдан, қылмыскерлер шықпас еді ма деп қаласың. Десе де, құзырлы орган өкілдері анықтай жатар.

 

Өздеріңіз көріп тұрғандай, видео арнайы монтаждалып таратылған. Бірінші бөлігінде сағат, түнгі 12:12 кеткен. Бұл уақытта Шерзаттың әкесі, сыраның ақшасын сұрап тұрған болуы мүмкін. Өйткені, ол азаматқа байыппен бірдеңе айтып тұрғандай көрінді. Мұнан соң, видео 12:40 жалғасқан. Онда бір топ адам келіп үлгерген. Ашуға булыққан Қаржаубайды көруге болады. Ия қолында пышақ бары рас. Бірақ, пышақты қауіпсіз ұстап тұр. Өйткені, жүзін жоғары қаратқан. Ал, өзі ешқандай қантөгіс жасап немесе біреуді пышақтау ойымда болған жоқ деп отыр. Осы жағдайлардан соң, елімізде әділ шешім шықпайды деп отыр.

«Менің отбасым, Нұрқанат немесе Шерзат қан төгіп жатса, айтсаңыздар болады. Сол кезде қаралаңыздар. Қан төкті. Қанішер деп. Мен қан төкпеймін. Неге десеңіздер, басымда болып жатқан жағдай. Менің қарындасым, анам, әйелімнің қалай жылағанын көрсеңіздер. Сол кезде түсінесіздер. Білсеңіздер, «анам», «әкем» деп жылау бір бөлек. Ал, «ботам» деп жылау бір бөлек. Егер, атам десеңдер, атыңдар. Өлтірем десеңдер, өлтіріңдер. Болмаса соттаңдар. Қазақстанда әділетті шешім шықпайды»,-дейді Шерзаттың әкесі.

Сондай-ақ, марқұмнын әкесі әділетті шешім шықпаса, отбасына тыныштық болмаса, жақындарын алып шетелге көшуге де ниетті.

Алдыңғы пост
«Арым таза». Әнші Индира Елемес белгілі композитор Арман Дүйсеновтің ұлының қазасына байланысты пікір білдірді
Келесі пост
Т.Рысқұлов тұрғындары: «Отметка берген кісілер, зарлай бермей, құқық қорғау органдарына жазсын»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu