Грант конкурсына өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады

Теги: , , ,
212

Биыл грант конкурсына өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады. Бұл туралы  Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып өтті.

Талапкерлер өтініштерін EGov арқылы онлайн форматта немесе жоғары оқу орындарының (ЖОО) қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта тапсыра алады. Сондай-ақ, оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды қабылдау кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асыруға болады.

«Биыл бакалавриатқа түсу үшін 73 мың грант бөлініп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60% техникалық мамандықтарға бөлінді. Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді. Олардың саны 18 744 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 12 560 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 103 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 7 388 грант тиесілі. «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген. Сонымен қатар биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді», – деді вице-министр Қуаныш Ерғалиев.

Отандық жоғары оқу орындарына түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), № 075/у нысанындағы медициналық анықтама, ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігін тапсыру керек. Сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.

Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Алдыңғы пост
Дәрігерлер аптап ыстықтан қорғанудың жолдарын айтып берді
Келесі пост
Түркістанда 40 рет жол ережесін бұзған жүргізуші анықталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu