Telegram командасы Еуропалық Одақтың стандартына сәйкес және цифрлық қызметтердің заңнамасына сай жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеді.
“Telegram бас директоры Павел Дуровтың жасыратын ештеңесі жоқ. Ол, Еуропаны жиі аралайды. Платформа үшін Дуров емес, иесі немесе желіні теріс пайдаланған адам жауап беру керек дейді”,- компания.
Айта кетейік, аталмыш желі, әлемдегі ең танымал әлеуметтік желілер тізімінде сегізінші орында. 2023 жылы Telegram үшін ең белсенді нарық Үндістан болды, онда бұл қосымша 84 миллион рет жүктелді. Екінші орында 35 миллион жүктемесі бар Ресей, ал үшінші орында 29,9 миллион жүктемесі бар АҚШ тұр.
Қазақстан да, Telegram пайдаланушылар саны бойынша ондыққа кіреді. 2024 жылдың жаз айында Павел Дуров Қазақстанға келіп, сапардан алған әсерлерімен бөліскен болатын. Сол уақытта, мессенджердің елдегі танымалдылығына ерекше назар аударған болатын.
“20 миллион қазақстандықтың 12,5 миллионы Telegram желісін пайдаланады екен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25% – ға көп”, – деп жазды Дуров.
Айтпақшы, Франция соты Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімін ұзартты.
Француз заңы бойынша жауап алу үшін қамауда ұстаудың бастапқы мерзімі ең көбі 96 сағат. Содан кейін судья босату туралы немесе айып тағып, қамауға алу мерзімін тағы да ұзарту туралы шешім қабылдауы мүмкін.