Учаскелік полицейдің суретіне мұрт салған қызға айыппұл салынды

221

Қостанайлық 21 жастағы бойжеткен, жеделсатыға кірген соң, учаскелік полицейдің суретіне мұрт салған. Сондай-ақ, жапсырмаға балағат сөздер жазып кеткен.

Жедел түрде, іздестіру жұмыстарын жүргізген полицейлер, бұзақылық жасаған бойжеткенді анықтады. Ол, бұрында істі болған азаматша екен.

«Қыз баланың құқық қорғау органдарында есепте тұрғаны белгілі болды. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Бұл жағдайда қыздың қоғамдық орынды ластауы ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады»,– делінген полиция хабарламасында.

Заңсыз әрекетке жол берген азаматшаға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, 185 мың теңге айыппұл салынды.

Алдыңғы пост
Махмұд Сабырхан қырғыз боксшысын техникалық нокаутпен жеңді
Келесі пост
Газ балондарын қанша теңгеге толтырып жүрсіз? 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu