543
”Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин ОКҚ брифингінде қазақстандықтардың әскери билетін цифрландыру туралы айтты.
“Қазір Қорғаныс министрлігімен әскери билетті, тіркеу куәлігін цифрлық құжатқа шығару бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл құжаттарды цифрландыруға келетін болсақ, иә, біз бұл жұмысты жоспарлап отырмыз. Біз оны қазірдің өзінде жүргізіп жатырмыз”, – деді Ростислав Коняшкин.
ҰАТ басшысы жобаны жүзеге асыру мерзімдерін нақтылады.
“Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында іске асырылатын болады деп ойлаймын”, – деп түйіндеді спикер.