Жүкті келіншектің денесін 70 пайыз күйік шалған

223

Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлері жүктіліктің 25-аптасында жүріп денесінің 70% бөлігін күйік шалған 20 жастағы Диана Долгованың өмірін сақтап қалды. Медицина мамандарының жоғары кәсібилікпен жұмыла кіріскен әрекеттері зардап шеккен әйелдің өмірін сақтап қана қоймай, біраз уақыттан кейін салмағы 2,2 келі, бойы 50 см дені сау баланы ойдағыдай босандырып алуға септік етті.

Диана Бородино ауылынан Алтайдағы ауданаралық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізіліп, бірден реаниматологтар, травмотологтар және гинекологтардың қамқорлығына алынды. Науқастың басын, мойнын, кеудесін және аяқ-қолдарын бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі күйік шалғаны анықталды.

Дәрігерлер науқастың жағдайын ауыр деп бағалады. Облыстық орталық мамандарының консилиумынан кейін тікұшақ жібертуге шешім қабылданды. Ауданға құрамында облыстың бас реаниматологы Галина Семенова, фельдшер Назым Бейсенбаева бар бригада ұшып жетті. Зардап шеккен әйел Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медицина орталығына жеткізілді.

«Біздің дәрігерлер – әлемдегі ең үздік мамандар. Олар қызым екеумізді аман алып қалу үшін мүмкін еместі жасады. Алда әлі ұзақ реабилитация күтіп тұр, бірақ ең қорқыныштысы артта қалды. Дәрігерлердің арқасында өмірімнің мәні бар және сол үшін де емімді жалғастырамын», – деп қуаныштың көз жасын төге отырып жас ана алғыс сөзімен бөлісті.

Алдыңғы пост
Қазақстанда Гидрогеология қызметі қайта құрылды
Келесі пост
​​«Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасы іске қосылмақ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu