Қазақстандық боксшы өзіне тағылған айып бойынша мәлімдеме жасады. Ол, кім жала жапса да, жазасын алады деп отыр. Сондай-ақ, қыз өсіріп отырған әке екенін айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялаған.
“3 қыз өсіріп отырған әкемін! Төсектес қыз керек болса маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын! Азаннан бері маған мың жазба келді. Бұл жала! Дұрыс ақпарат таратпаған бұқаралықақпаратқұралдарында сотқа беремін”,-деп жазған.
Естеріңізге сала кетейік, танымал боксшы Жанқош Тұраров 28 жастағы қызды зорлады деген ақпарат тараған еді. Дереккөз оқиғаның 19 тамыз күні түнгі он бірлер шамасында болғанын хабарлаған. Бұл ақпаратты Алматы полициясы да растаған болатын.