Жас офицерлер кәсіби шеберліктерін шыңдады

Теги:
439

Ел Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қарулы Күштердің алдына қойып  отырған  басты  талаптарының бірі- әскерлеріміздің  кәсіпкой шеберліктерін шыңдау  жан-жақты дамыту. Олардың мәртебесін көтеріп, мемлекет алдындағы жауапкершілігін  арттыру. Осыған орай ағымдағы жылдың 14-17 тамызы аралығында  Қазақстан  Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің базасында әскери жоғары  оқу орнын бітірген жас  түлектердің  оқу- әдістемелік  жиыны өтті.

Жиынға Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Орал гарнизондарынан келген 36 жас офицер қатысты. Әскери қызметшілерге арнап әдістемелік сабақтар, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық және штабтық даярлықтар, семинарлар, дәрістер, нұсқаулық-әдістемелік көрсеткіштері және оқу-жаттығу сабақтар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жас командирлердің әскери-жауынгерлік қызмет барысында  қызметке бейімделу және  төселу шеберлігімен танысып, алған білімдерін байқау.

Жиын барысында «Взводтың  жеке құрамымен көрсетпелі  мемлекеттік-құқықтық сабақтың  методикалық ұйымдастырып, оқытуы негізі» атты  алғашқы оқу-әдістемелік  сабақты   қолбасшының  тәрбие және  әлеуметтік  –  құқықтық    жұмыстары жөніндегі орынбасары       полковник  Бақыт Алазов жүргізді.

Қолбасшылық   басқармасында  өткен  жиынның  күндік    кестесі қарбалас тіршілікке толы  болды. «Батыс» өңірлік  қолбасшылығының жауынгерлік  даярлық  басқармасы   бастығының міндетін уақытша атқарушы  подполковник   Анатолий Чулкиннің  өткізген    жауынгерлік дайындық   көрсетпелі-әдістемелік сабақтар  өте  қызықты  да  тартымды  өтті. Жалпы, жиын өткен  дәрістер кезінде көптеген  жас  офицерлер өздерінің жоғары  білімдігін  танытты.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситников жиын көздеген мақсатына жеткенін, осы көрсеткен нәтижелер оларға бағынысты бөлімшелерді басқаруда және жеке құраммен күнделікті іс-қимыл жасауда, сондай-ақ қызметтік-әскери міндеттерді орындау барысында септігін тигізетінін атап өтті.

Жиының қорытынды  жиналысында «Батыс» өңірлік  қолбасшылығының қолбасшысы,  генерал-майор  Арман Жұмағалиев  тәртіптілікті  күшейту  мәселелеріне ерекше тоқталып, жас командирлердің алдына нақты тапсырмалар қойды.  Сондай-ақ  үздік көрсеткішке  қол  жеткізген жас лейтенанттарды  мадақтама  қағаздарымен  марапаттады. Жиын соңы жас офицерлердің естелік суретке түсуімен аяқталды.

Алдыңғы пост
Қазақстанға келген әрбір шетелдік турист 1500 доллар табыс әкеледі
Келесі пост
Биыл Шымкентте 28 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu