Жол апатынан тағы бір көлік өртенді: Ішінде балалар бар

286

Шу-Мойынқұм тасжолында, “Audi” автокөлігі мен “Газель” соқтығысып, арты өртке ұласқан. Жүк көлігі қарсы бағытқа шығып, жеңіл көлікке қақтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық неміс көлігі өртеніп, ішіндегі адамдарды шығаруға тура келген. Абырой болғанда, сол жерден орманшы табыла кетіп, жүргізушіні, балаларды шығарған. Анасы сол жерде көз жұмған.

«Көлік ішінде жүргізуші, бір жігіт, артқы орында әйелі мен екі баласы бар екен. Бірінші жүргізушіні, сосын жігіт пен нәрестені шығарып алдық. Бір жігіт келіп көмектесті, екеуіміз шығардық. Жігіттің келіншегі жүріп кетіпті. Сосын 1,5 жастағы қызды шығардым»,- дейді азамат.

Қазіргі таңда, жарақат алғандар ауруханада ем алуда. Ал, жол көлік апатына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Автогаз құны жанармай бағасымен бірдей болады
Келесі пост
Түркістандықтар анасы мен қызын жауыздықпен өлтірген күдіктінің отбасын ауылдан көшіріп жібермек

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu