Еліміздегі ең үлкен ипподром Шымкент қаласында салынуда

Теги: , ,
279

Шымкенттегі ипподром құрылысы Бозарық ауданындаорналасқан. Қазіргі уақытта жаңа нысан белсенді түрдетаныстырылуда.

Жаңадан салынып жатқан нысан аумағына 10 күн ішіндеШымкент қаласы әкімдігі, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастарыбасқармасының өкілдері және Құрылыс басқармасы, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасыныңөкілдері арнайы келді. Сонымен қатар қала ақсақалдарымен конкуршы балалардың ата-аналары, олимпиадалықрезервтегі ат мектебінің жаттықтырушылары, құрылыссалушы компанияның басшылығы келіп танысты.

Нысанның құрылысы басталғалы жұмыстың да көлемі арта түсті. Ауданды игеру де 1,5 есеге артқан. 24 Га-дан 39 Га-ғадейін, жарыс шеңберінің ұзындығы — 14 мыңнан 41 мыңшаршы метрге дейін, аумақтың ауданы бірден екі есеге-10-нан 20 м-ге дейін кеңейтілді.

Жер жұмыстарының көлемі 550 000 м3ге артты. Сондай-ақBI Group компаниясы өз қаражаты есебінен құны 1 млрд теңге болатын манеж құрылысын бастады. Ипподромдысалуға 6 млрд теңгеден астам қаражат кетті.

Келген қонақтар жаңа ипподромның ауқымы мен сапасынариза болды. Бұл Қазақстандағы ең үлкен ипподром боладыдеп күтілуде.

«Бұл ипподром біздің өңірдегі басты көрікті жерлерініңбіріне айналады. Ипподрымды салушы компания осы нысанды салу барысында халықаралық деңгейдегінормативтік стандарттарға сәйкес жоғарыжауапкершілікпен қарағаның байқауға болады. Жаңаипподромның пайда болуы Шымкент қаласы мен елімізбойынша ат жарыс спорт түрінің дамуына ықпал етерісөзсіз»,деп Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеноверекше атап өтіп, назарға алды.

Бұл нысан арнайы 1500 көрермен сыятындай есеппенсалынған. Ипподромдағы манеждерден басқа 100 атқаарналған арнайы қорасы, жабық ғимараты, ветеринариялықблок, арнайы бөлмелері мен 310 көлікке арналған өте кеңавтотұрағы салынуда. Ал, жоғарғы қабатында ашықтеррассалар болады.

«Расымен де бұл ипподром елдің ат спортыиндустриясының бет-бейнесі екендігіне дәлел болмақ. Осыған қарап ат спортының даму деңгейі мен болашаққадеген перспективалары туралы айтуға болады. Жаңанысан ірі халықаралық жарыстар мен ойын-сауықжарыстары үшін басты локация болуға әбден лайық. Қазіргі уақытта Ат спорты айтарлықтай дамып келеді.Осындай игі істің бір бөлшегі болғанымызға біз өте қуаныштымыз», — деп BI Shymkent/Tashkent басқармасының директоры Арман Қабылқас өз ойын жеткізді.

Сондай-ақ, келген қонақтар ипподром құрылысының тез аяқталуын және жаңа жердегі жаттығуларын асыға күтетіндіктерін жеткізді.

«Жаңа ипподромның пайда болуы біз үшін жақсы жаңалық. Осы жерге көшіп келгенімізге өте қуаныштымыз. Мұндаймықты жобаның еліміздегі олимпиадалық ат спортыныңөркендеуіне ықпал ететініне сенімдімін. Шымкенттесалынған бұл ипподром алдағы уақытта қарыштап дамып, жаңа спортшылардың қосылғанын қалаймын»,дедіОлимпиада резервінің ат спорты мектебініңжаттықтырушысы Екатерина Орловская.

Қазіргі уақытта Қазақстанның тарихы терең көнеқалалардың бірі Шымкент жақсы қарқынмен дамып келеді. Қала республикалық мәртебеге ие болғалы бері жыл сайынжаңа инвестициялар мен ірі компанияларды тартуда. Барлық ауданында заманауи нысандар пайда болуда. Бұлдегеніміз жергілікті сәулеттің дамып, қала қонақтары мен тұрғындардың назарын аударуда. Алдағы уақытта осы ипподром қаланың сәнің келтіріп, көрермен көзайымнаайналары сөзсіз. Қала тұрғындары ипподромның ашылуынасыға күтуде.

Предыдущая запись
Самый большой в стране ипподром возводится в Шымкенте
Следующая запись
В Павлодарской области массово отравились дети

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню