« Қиындықтан, жоқшылықтан шаршадым» — деп өзі мен балаларының өмірін қимақ болған келіншектің мәселесі шешілді

Теги: ,
358

Бүгін Гульмира Абыкай есімді журналист «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Жетісайда не болып жатыр» деген тақырыпта мақала жариялап, бейне көрсетілім жүктеген еді. Мәселені жергілікті билік назарына алған. Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан жазбаша ақпаратта төрт балалы келіншекке көмек көрсетілгені айтылған.

«Бейне көрсетілімде, Жетісай қаласы, Байтұрсынов көшесі, №63/1 үй тұрғыны Асабаева Акмарал үйінің ішінде өрт тұтатып, өзіне және балаларына қол жұмсайтынын, себебі қиындықтан, жоқшылықтан, қысымнан шаршағанын жеткізген.

А.Асабаеваның осы мағыналас бірнеше хабарламасы бойынша аудан прокуратурасы, аудан әкімдігінің үйлестіруімен 26.03.2022ж.-29.03.2022ж. аралығында ЖАО, АПБ, Аурухана қызметкерлерімен біргелікте барып, А.Асабаеваның келтіріп отырған уәждерін қарастырып, таныстарының қарызы 1 250 000 теңге төленіп, кепілдікте тұрған үйі сот орындаушыларының кепілінен шығарылды. Сонымен қатар, үйіне азық-түлік жеткізіліп берілді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, А.Асабаева және оның балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірнеше рет Шымкент қаласында орналасқан Кризистік Орталыққа апарып орналастыру ұсынылғанымен, одан бас тартты.

Осыған орай, Кризистік Орталық ҮЕҰ-ның мамандары шақыртылды.

Қазіргі таңда А.Асабаева және оның балаларына қауіп төніп тұрған жоқ» –делінген жазбаша мәліметте.

Айта кетейік, келіншек өз сөзінде бұл жазбасының өміріндегі соңғы жазба деп ескерткен. Ол құзырлы орындардан, әкімдік өкілдерінің әрекетсіздігінен шаршадым дегенді айтқан.

Elitar.kz тілшілері желіде тараған бейнежазбаның қашан түсірілгенін анықтауға тырысты. Әкімдік өкілдері бұл жазбаның ескі видео екенін айтқанымен, нақты қай уақыттағы жазба екенін айта алмады. Өмірден түңілген келіншектің өзімен әзірге байланысудың сәті түспеді.

Предыдущая запись
Авария на КТК приведет к негативным последствиям, только если порт простоит вхолостую полгода – эксперты
Следующая запись
Венеция по-устькаменогорски

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню