Казахстанцы поздравляют с Днем Республики

Теги:
309

В предпраздничный день мы решили собрат поздравления от казахстанцев из разных регионов.

Ермек КАЛЫМБЕТОВ, шымкентский паратанцор, чемпион Азии 2016 года по танцам на инвалидной коляске, бронзовый призер чемпионата мира по паратанцам 2019 года, победитель международного лицензионного турнира 2023 года в Праге:

«День Республики – одна из самых дорогих дат для сердца каждого казахстанца и одна из важнейших дат в истории. Ведь 25 октября 1990 года была принята Декларация о государственном суверенитете Казахской ССР. По сути, с этого и начался путь нашей страны к независимости.

Мы многого добились за эти годы. И наши главные достижения – это мирное небо над головой, дружба всех народов, проживающих в нашей стране, согласие и стабильность в обществе. Желаю всем землякам сохранить и приумножить эти ценности! Пусть каждый день приносит вам маленькие победы, главная из которых – это победа над собой, над своими слабостями, страхами, ленью. Крепкого вам здоровья, благополучия, удачи и процветания!».

 

Командир воинской части 6505 Национальной гвардии Республики Казахстан полковник Бауыржан Барышев, город Караганды:

«От всей души поздравляю всех с Днем Республики! Этот день имеет историческое значение, знаменательный праздник. Этот праздник является плодотворным символом благополучия и единства единого Казахстана, безусловной любви каждого из нас к своему родному краю.

Знаменательный день с глубоким историческим смыслом, высоким идеологическим багажом пробуждает патриотический дух всех граждан, которые честно служат настоящему и завтрашнему дню нашей страны, продолжают доблестные дела и серьезные начинания, формируют чувство доверия и ответственности. Мы являемся свидетелями преодоления очередной историче­ской вехи.

Пусть ваш труд на пути устойчивого развития и совершенствования Казахстана будет эффективным, Пусть все наши начинания будут результативными, а будущее – светлым! Пусть будут успешными ваши благородные дела, направленные на повышение статуса нашей страны, укрепление мира и повышение благосостояния нашего народа, нашей земли! Пусть флаг нашей страны, ясный, как голубое небо, реет высоко, и пусть будущее будет светлым!

В этот торжественный день, который является началом суверенитета и свободы, желаю каждой семье крепкого здоровья, благополучия. Пусть в наших сердцах никогда не гаснет тепло родного дома, пусть любовь к родной земле всегда вдохновляет нас на новые свершения во имя процветания нашей Республики!

Еще раз поздравляю вас с Национальным праздником — Днем Республики!»

 

Анарбек ОРМАН, «Су ресурстар-маркетинг» ЖШС бас директоры:

«Құрметті жерлестер! Құрметті отандастар!

Алдымызда мерекелердің үлкені ұлттық мейрам – Республика күні келе жатыр. Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Егеменді ел болып, Тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінде қабырғамыз қатайып, еңсемізді тіктеп отырмыз. Әлеуметтік-экономикалық жағдайымыз жақсарып, түрлі салаларда өркендеу барын барлығымыз жақсы білеміз. Мұнымен тоқтауға болмайтыны да белгілі. Әрине, барлығы өзімізге байланысты. Ата-бабамыздың «Не ексең, соны орасың!» деген орынды мәтелі бар. Рас сөз. Қоғамымызды ілгерілету үшін, әрбіріміз жақсы, жайлы өмір сүруіміз үшін бірінші кезекте білімді болуға талпыныс керек. Жас та, жасамыс та. Мәдениеттілік те сол білімдіге тән қасиет. Әр азамат біліктілігін арттыруға салауатты өмір сүруге бейім болса, талпынса, ел бірлігі бекем болса, алынбайтын қамал жоқ. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді». Біз жастарымызды, өскелең ұрпақты осы бағытта тәрбиелеп, бейімдеуіміз қажет. Олардың білім мен ғылымға, жаңа технологияны толықтай меңгеруіне мүмкіндік жасауымыз керек. Сонда кәсіпорындарымыз өркендеп, табысты болары анық. Еліміз де қуатты болады. «Білімді мыңды жығады, білімсіз бірді жығады». Менің ұстанымым осыған саяды. Келешегімізге салған инветициямыз – байтағымыздың мықты болуының кепілі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттерінің бірі – шағын және орта бизнесті дамыту, қолдау. Біздің өңірімізде үш миллионға жуық адам өмір сүріп жатыр. Олар еңбек етіп, табыс табуға бейімделуде. Осы орайда, Үкімет тарапынан жеңілдетілген несие беріліп, шетелдік озық технологияларды меңгеруге, алып келуге мүмкіндік жасалса, сапалы отандық өнім өндіріледі. Оны экспортқа шығаруға атсалыссақ, нәтижесін, жемісін ел көрер еді.
Жаратушы әрбір қазақстандыққа жақсы өмір сүруді нәсіп етсін деген тілеуім бар. Алла Тағала тыныштығын беріп, салауатты, бейбіт өмір сүрейік!

Республика күні құтты болсын!»

 

Бекболат ҚҰРМАҒОЖАЕВ, Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрдың көркемдік жетекшісі:

«Бірлік – ынтымағы мен берекесін тең ұстаған Қазақ елі үшін ең қастерлі ұғым, сан ғасырлардан мирас болып келе жатқан дана халқымыздың асыл қасиеті. Бабаларымыз ынтымақ пен татулықты, ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты мүдделі түрде еліміздің біртұтастығын сақтауда әрдайым биік мақсат етіп қойған. Бірлікті елдікпен ұлт болып ұйысып, ынтымақпен сыйысып отырудың басты кепілі ретінде санаған.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ол жайында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» деп, ерекше атап өткен-ді. Бүгінде Республика күні ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырып, елдің бірлігін нығайтып, ұлттық рухын күшейтуге, ынтымағын арттыруға үндейтін айтулы күнге айналып отыр. Бай әрі терең тарихымызбен, мәдениетімізбен, бірлік пен ынтымақты ту еткен халқымызбен, «Елім, жерім» дейтін ұрпағымызбен мемлекетіміз әлемнің дамыған елдерінің қатарынан көрінетін күн жақын. Себебі, бүгінде еліміздің тарихын, әдебиетін, мәдениетін дәріптеп, әлем елдеріне танытуға үлкен күш салынып жатыр. Талантты жастарымыз әлем сахналарында өнер көрсетіп, биіктерден көрініп жүр. Бекем бірлігімізбен алға қойған мақсаттарға жетіп, биік-биік асуларды бағындыратынымызға сенім мол.

Құрметті қазақстандықтар, Республика күні құтты болсын! Отанымыздың босағасы берік, шаңырағы биік болсын! Еліміздің бірлігі нығая түссін!»

 

Икрам ХАШИМЖАНОВ, Республикалық «Дуслиг» өзбектер қауымдастығының төрағасы:

«Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» дейді қазақ нақылында. Расында, бұл ақиқат. Кәрі тарих қате айтпайды.

Дүние жүзінде отарлаудың алдыңғы көшінде ағылшындар болған ғой.Бұл жайында Африка халықтарының көсемі былай дейді. «Ағылшындар біздің елімізге келгенде олардың қолында Библия, ал біздің жеріміз болды. Кейін қарасаң біздің қолымызда Библия, ал біздің жер ағылшындардың қолында екен».
Міне, біреуге отар болудың қасіреті. 25-і қазан – Қазақстанда Егемендіктің Декларациясы қабылданған күн болып тарих парағына жазылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былай дейді:

– 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, Тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек, – деді Президент.

Ұлтым өзбек болса да, мен өзімді қазақтың бел баласындай көремін. Өйткені, осында өстім, өркендедім, бақытымды таптым. Мереке құтты болсын, ағайындар! Жаңа Қазақстанымыз өркениетті елдердің қатарынан өз орнын ойып аларына сенеміз».

 

«Бал Текстиль» ЖШС-і директоры, қалалық мәслихаттың депутаты, Талғат Ысқақов:

«Бүгінде еліміздегі мыңдаған адамдарға жұмыс беріп, нәпақасын айыруға қызмет етіп отырған серіктестік осы жақсы күндерін Отанымыздың қолдау көрсетуімен байланыстырады.
Атап айтсақ, «Бал Текстиль» фабрикасының Қазақстан бойынша 400-ден астам серіктесі бар. Олар да ірі кәсіпкерлер. Мегаполиске жасаған іс-сапарында серіктес компания өкілдері фабрика жұмысымен, жаңа кілем топтамаларымен танысты. Олармен болған басқосуда 10 жыл ішінде жеткен жетістіктер, жаңалықтар мен өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

«Бал текстильдің» алғашқы өнімі 2013 жылдың қазан айынан бастап шыға бастаған. Бірінші кезде өндіріс ошағында 4 кілем тоқу станогы болған. Өндіріс көлемі артып, шығарылған өнім саудасы пайда әкелудің нәтижесінде, кәсіпорын қуаттылығын едәуір ұлғайтты. Соның есебінен станоктар саны 16-ға көбейді. Сонымен қатар 2015 жылы қосымша полипропилен жіп өндіру цехы іске қосылса, 2023 жылы жіп өндірісі екі есеге артты. Бүгінде өндіріс қуаты 6 млн шаршы метр кілем, 7 500 тонна полипропилен жібін өндіретін дәрежеге жетті. Қосымша 2020 жылдан бастап «Бал декор» атты жаңа заманауи принт-кілемдер өндірісі іске қосылды.

— Біздің мұндай биік дәрежеге жетуімізге Отанымыздың қосқан үлесі зор. Мемлекет тарапынан қолдау болмаса кәсіпкерліктің өрісі тар, адымы қысқа болар еді.
Біздің фабрика жүздеген серіктестіктермен бірлесіп, мыңдаған адамдарға жұмыс тауып беріп отыр. «Егемен болмай ел болмас» деген қанатты сөз бар. Біз бұл биікке тәуелсіз Қазақстанымыздың қанаттандыруымен, дем беруімен жеттік. Ендеше, баршаңызды егемендік декларациясы қабылданған күн– Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын, — дейді қалалық мәслихаттың депутаты Талғат Ысқақов.

 

 

 

Предыдущая запись
Услуги железнодорожного транспорта выросли в цене на 11% за год
Следующая запись
Kaspi банк: Kaspi Жұма пройдет 3,4 и 5 ноября

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню