Петропавлда тұрғын үйде шыққан өрттен бес адам қаза тапты

Теги: ,
229

Тілсіз жау Береке шағын ауданындағы 4 пәтерлі кірпіш тұрғын үйде шыққан.

Өрт сөндірушілер сағат 01:13-те келген сәтте үйдегі № 3 пәтер жанып жатқан. Баспананың шатыры отқа оранып, қою түтін басқан. ҚР Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің шығуы туралы хабарлама құзырлы органға кеш берілген.

«Өртті сөндіру барысында 1975, 1979, 1960 жылдары туған ер адамдардың және 1960, 1967 жылдары туған 2 әйел адамның денелері табылды. Қайтыс болған адамдардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.»

Алапат өрттен жанған аумақ- 60 шаршы метр. Оқиға орнында болған мамандардың дерегінше, үй орталық жылыту жүйесіне қосылған.

Өрттің шығуына алкогольдік ішімдік ішіп, төсекте темекі тарту себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Куәгерлердің айтуынша, өрт шығар алдында қайтыс болғандар спирттік ішімдік ішкен.

Мамандардың дерегінше, қаза тапқандар халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жатпайды, спирттік ішімдік ішетін адамдар ретінде есепке алынбаған.

Предыдущая запись
Ритейлеры в Павлодаре: цены зависят не от нас
Следующая запись
ШЫМКЕНТ: обнаружена мать брошенного на улице младенца

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню