​Президент тапсырмасы орындалды ма?

Теги: ,
223

Ертең Шымкентте жергілікті кәсіпкерлер мен құқықы қорғау өкілдерінің қатысуымен арнайы жиын өтеді. Кездесудің басты мақсаты-шағын және орта бизнестің проблемаларын анықтау, оны шешу жолдарын табу. Сонымен қатар, негізсіз және заңсыз тексерулерден қорғау.

«Шымкент қаласының кәсіпкерлері Прокуратурамен ай сайынғы кездесу 28 қазанда сағ.16-00де өтеді. Аталмыш жиын кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша Енбекші прокурорының қатысуымен өткізілмек. Осы кездесуге қатысуларыңызды сұраймыз. Кездесу Шымкент к. Байтұрсынов көшесі, 68 ғимаратта орналасқан Енбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы бұған дейін, мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасауы, мемлекетке қарсы ең ауыр қылмыс ретінде қабылданатынын атап өткен болатын.

» Шенеуніктер, кәсіпкерлерге заңсыз тиісіп, жұмыстарына кесірін тигізер болса, прокуратураға жүгінуі тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді. Мұндай компаниялар ішкі нарыққа қана емес, сыртқы нарыққа да бейімделуге тиіс. Олардың экспорттық әлеуетін арттыру үшін қол­дауды күшейту керек. Шағын және орта бизнестің жалпы іш­кі өнімдегі үлесі 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін, ал жұмыспен қамтыл­ған­дардың саны 4 миллион адамға дейін көбеюі керек. Бұл осы саланы дамы­туға бағытталған жұмыстардың басты нәтижесі болмақ.

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тек қадағалау органдарының ғана емес, қала басшылығының да ерекше бақылауында.

«Қаладағы бизнес мәселелерін жедел түрде шешу бойынша мобильді топ жұмыс істейді. Оның құрамында Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де бар. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз тексерулер мен әкімшілік кедергілерге тап болған жағдайда, қалалық Еңбекші ауданы прокуратура органдарының сенім телефонына хабарласуға болады. Байланыс нөмірі 8 (7252) 39-49-92.

Предыдущая запись
​Как в Шымкенте исполняют поручения главы государства
Следующая запись
​В третьем мегаполисе продолжается очистка рек и каналов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню