​Үшінші мегаполисте бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттарға өтінімдер қаралды

Теги: ,
365

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттың екінші ағынына өтінім берген шымкенттіктер комиссия алдында өздері әзірлеген бизнес-жоспарларды қорғады.

Жұмыспен қамту орталығында: өтініштердің көптігіне байланысты үміткерлер үш күн ішінде қабылданды. Нәтижесінде қорғауға 618 адам қатысты, оның 173-і комиссияның оң бағасын алды, қалған 445-і кері қайтарылды.

Бизнес-жоспарлары кері қайтарылған жұмыс іздеушілерге комиссия мүшелері жіберілген қателіктерді егжей-тегжейлі түсіндірді: бизнес-жоспар бекітілген үлгілерге сәйкес толтырылмады, белгілі бір есептеулер дұрыс келтірілмеді, өтінім құжаттары аяқталмады. Ең бастысы, барлық кемшіліктерді түзете отырып, тілек білдірушілер жарияланған үшінші ағымға және мемлекеттік грантты алудың басқа кезеңдеріне қайта қатыса алады.

Айта кетейік, өтеусіз мемлекеттік грант алуға еліміздің үшінші мегаполисінің 400-ден астам тұрғыны қатысты, комиссия оның 226-сын мақұлдады.

Естеріңізге сала кетейік, тіркелген жұмыссыздар; дара кәсіпкер ретінде тіркелген жас кәсіпкерлер (29 жасқа дейін) (тіркеу мерзімі үш жылға дейін); бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады. Өтініш берушіде үш жылдан аспайтын мерзіммен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты болуы тиіс.

Бұл ретте үміткер мынадай әлеуметтік санаттардың біріне жатуға тиіс:

мүгедектігі бар адамдар (еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ);

«қандас» мәртебесі бар тұлғалар;

аймақаралық қоныс аударушылар;

Атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы жәрдемақы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы), асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) және (немесе) оның жұбайын (зайыбын) тәрбиелеп отырған адамдар жататын халықтың әлеуметтік осал топтары, асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар; жастар (29 жасқа дейін).

Предыдущая запись
В третьем мегаполисе будут сдерживать цены посредством борьбы с посредниками
Следующая запись
Дело Биртанова и Абишева: Цой свидетельствовал в защиту обвиняемых?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню