«Шипажайға бомба салынған сөмке апара жатыр». Тараз тұрғыны полицейлерді тік тұрғызды

Теги: ,
263

Жамбыл облысында террорлық әрекет туралы жалған ақпарат берген күдікті ұсталды.

Тараз қалалық ПБ-ның жедел бақылау орталығына белгісіз тұлға «33 жастағы азаматшаның Меркі шипажайына сөмкесіне жарылғыш заттар салып бара жатқаны» туралы хабарлаған.

Оқиға орнына жедел түрде жеткен аудандық полиция қызметкерлері аумақты тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат және ешқандай да күдікті азаматша анықталмаған.

«Меркі аудандық ПБ және ҰҚК қызметкерлерiнiң жедел iздестiру шараларының нәтижесінде террорлық әрекет туралы көрiнеу жалған ақпарат берген 41 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Күдікті кінәсін толық мойындап, аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексiнiң 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген Жамбыл облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Предыдущая запись
Жетім балаларға арналған мектеп-интернатынан 12 млн теңге жымқырған директорға сот үкімі шықты
Следующая запись
Узбекистанцев предупредили об опасности оказаться в зоне боевых действий в Украине

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню