Шымкент: Достық шағынауданының тұрғындары емхананы көшіруге наразы

Теги: ,
445

Шымкенттегі Достық шағынауданының тұрғындары емхананың басқа жерге көшуіне наразылық білдіруде. Өздеріне арнайы салынған ғимарат тендер арқылы басқа серіктестікке өтіп кеткен. Айтуларынша, қазіргі емхана ғимаратының орналасқан орны халыққа ыңғайлы. Бұл жерде қазір «Отау мед» клиникасы №10 емхананың теңгеріміндегі медициналық ғимаратты жалға алып, халықты алғашқы медициналық қызметпен қамтамасыз етіп отыр.

Сайдыгүл АСАН, Достық шағынауданының тұрғыны

— 2007 жылдан бері істеп келе жатқан ұжымды Төлеметовке көшесіңдер, аурулардың бәрі сонда барып көрінеді дейді. Достықта Төлеметовке тікелей автобус жоқ. Өңкей мүгедек, ақсақ-тоқсақ онда қалай барады? Осы жердің өзіне зорға жетіп жатыр. Неге қара халықты жылатады, шулатады. Біз бекерден-бекер айқайламаймыз. Біз емхананы ешкімге бермейміз. Ойыншық емес, бұл Достық тұрғындарының тағдыры, денсаулығы. Осы жерге келіп көрінеді, қаралады.

Достық тұрғындарына 2020 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан «Отау мед» клиникасының өкілдері, ғимараттың жөндеу жұмыстарына 16 млн теңгеден астам қаржы жұмсағандарын айтады. Мұнда 13 мыңнан астам адам тіркелген. Мәселе емхана ғимараты тендер арқылы «АУХАЛ» серіктестігіне өтіп кеткенде басталған.

Сара АЛИМОВА, Достық шағынауданының тұрғыны, 1-ші топ мүгедегі

— Мына емхананы басқа жаққа бару қиын болған соң бізге арнап істеді. Бізге қанша дәрігерлер келді. Бәрі шыдамай кетіп қалады. Неге десеңіз нашар аурулар көп, үйлеріне бару керек. Бұл дәрігерлер солардан шыдап қалғаны. Әр сырқат жерімізді біледі.

Тендерден жеңілген «Отау мед» серіктестігі осы шағынауданнан жөндеу жұмыстары аяқталмаған ғимарат тапқан. Ол аяқталғанға дейін басқа жерге уақытша көшуді жоспарлаған. Алайда, тұрғындар үзілді-кесілді қарсы болып отыр. Клиника басшылығы енді қуып шықпағанша осы жерде қызметімізді жалғастырамыз деп отыр.

Кайрат ДЖАХАЕВ, «Отау мед» ЖШС директоры

— «Аухал» компаниясы 10-шы емханаға келіп ғимаратты қашан бересіңдер деп жатыр екен. Ал, 10-шы емхана бізден ғимаратты алмай оларға қалай береді? Сол себепті бізге ғимаратты босатып беріңдер деп жатыр. Прокуратураға, қаржы басқармасына, антикорға, денсаулық басқармасына, әкімдікке арыз жаздық. Әлі нәтижелі жауап ала алмай отырмыз. Ешқандай жауап жоқ. Арызды жазғанымызға бір айдан асты.

Достық тұрғындары мен «Отау мед» клиникасының басшылығы тиісті орындарға жазған арыздарынан әзірге еш нәтижелі жауап жоқ екенін айтады. Ал, үшінші мегаполисте бұл проблемаға қатысты жауапты орындар нақты пікір білдірген жоқ. Тек, мәселенің әзірге қаралу сатысында екенін айтты. Ал тұрғындар, талап орындалмаса денсаулық сақтау министрлігіне, тіпті ел президентіне дейін шағымдануға бекініп отыр.

Предыдущая запись
Атырауда тағы балық қырылып жатыр
Следующая запись
​Наш Левитан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню