Мемлекеттік қызметкер, қандай болу керек?

Теги: ,
323

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті Республика күні мерекесіне орай, ерекше іс-шара ұйымдастырды. Аталмыш шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, жас әріптестерімен білген, түйгендерімен бөлісті.

Олар өздерінің еңбек жолындағы түрлі қызы қтармен бөлісіп, мансаптық өсуі туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, жұмыс барысындағы іс тәжірибелерімен бөлісті. Және қала әкімінің орынбасары жанжалды жағдайлардан аулақ болу үшін кеңестер берді. Жас мамандар аға әріптестерін мұқият тыңдап, түрлі сұрақтар қойды. Тіпті абыройдан аттамау үшін, қалай әрекет ету керектігі туралы кеңес сұрады.

Кездесудің негізгі мақсаты, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру. Сонымен қатар, жиында «Б» корпусына алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілер үшін ақыл-кеңестер берілді — деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, мемлекеттік қызметке талантты жастарды тарту, олардың жұмысына көмектесу, мемлекеттік қызметшілердің білімін, іскерлігі мен дағдыларын сондай-ақ, кәсібилігін арттыру қажеттілігіне тоқталды. Және әрбір азамат өзінің үздіксіз жетілдіру қажет деп отыр.

«Мемлекеттік қызметші жауапкершілігі жоғары жүкті көтереді. Әрбір қызметкер қызметтік этиканы сақтауға және өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өз еліне адал қызмет етуге бағыттауы тиіс. Мемлекеттік қызмет-үлкен жауапкершілік. Өз салаңыздағы Үздік маман болыңыз», — деді Шыңғыс Мұқан.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Әділет Нысанбаев мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін арттыруға және патриоттық сезімін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Предыдущая запись
​Каких заповедей должны придерживаться госслужащие Шымкента
Следующая запись
​Шымкентте дүкенге келген ер кісі азық-түлікті үйіп-төгіп алып, ақшасын төлемей кеткен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню