Шымкентте 8200 оқушы ҰБТ тапсырады

Теги: ,
319

2021-2022 оқу жылында Шымкент қаласындағы мектептерде 11 сыныпта 11189 оқушы білім алса, оның 7621-і қазақ тілінде, 2089-ы орыс тілінде, 1479-ы өзбек тілінде оқыған. Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі 8200 оқушы ұлттық бірыңғай тест тапсырып жатқанын хабарлады. Биыл ол 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді.

ҰБТ тапсырғысы келетіндер 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында өз бетінше тіркелді. Осы кезеңде оларға екі рет тестілеуге қатысуға мүмкіндік берілді.

Шымкентте ҰБТ қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілген аймақтық үш «U-Study» тестілеу орталығында өтеді. Орталықта жедел жәрдем, өрт сөндіру бөлімі, психолог, медицина қызметкерлері бар.

Ұлттық тестілеу орталығы бүгінге дейін Қазақстанда ҰБТ шамамен 220 мың рет тапсырылғанын хабарлады. Түлектердің 75,8 пайызы қазақ тілінде, 24 пайызы орыс тілінде, 0,1 пайызы ағылшын тілінде тестілеуден өтті. ҰБТ басталғалы бері шекті балды талапкерлердің 68%-ға жуығы жинаған.

Предыдущая запись
В Шымкенте 8 200 учащихся сдают ЕНТ
Следующая запись
57 тысяч шымкентцев будут трудоустроены в этом году

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню