​Шымкентте құлақ мұрын ауруларын емдейтін бөлімше ашылды

Теги: , ,
366

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында оториноларингологиялық жаңа бөлімше ашылды. Енді құлақ, тамақ және мұрын ауруларымен ауыратын жасөсіпрімдерге сапалы ем қабылдау мүмкіндігі ашылды. Ол үшін басқа өңірлерді аралап, немесе Астана, Алматы сынды қалаларға барудың қажеті жоқ.

Аурухананың оториноларингология бөлімінде түрлі ЛОР-аурулары кезінде көрсетілетін амбулаторлық-емханалық көмектің толық көлемі көрсетіледі. Қабылдауды білікті дәрігерлер жүргізеді. Бұған дейін бұл мүмкіндіктер болмаған. Өйткені, медициналық құрал жабдықтар мен тиісті аппараттар болмаған. Қазір барлық талапқа сай. Тіпті ақ халаттылар күрделі оталарды да жасай алады.

Бөлімше 20 төсек-орынмен жабдықталған. Соған қарамастан, соңғы айда науқастардың 90 пайыздан астамына ота жасалды.

«Көптеген ота түрін жасаймыз. Атап айтқанда, септопластика,вазотомия, конхотомия, мұрын қабыршықтарының оталары, Мұрын сүйектерінің репозициясы, ринопластика, эндоскопиялық оталар , құлақ ауруларының оталары, тонзиллэктомия, аденоэктомия, эндоскопиялық, дакриоцисториностомия, увулопалатофарингопластика (қорылдауды кетіретін) және де өзге күрделі ота жасаймыз”, — дейді қалалық клиникалық баллар ауруханасының лор дәрігері Ерубай Мақсат.

Айта кетейік, құлақ мұрын аурларына дер кезінде диагноз қойып, оны емдеуде ауруханада қажетті жабдықтардың барлығы орнатылған. Емдеу мекемесінде операция жасауға арналған операциялық микрохирургиялық микроскопы, ЛОР комбайны сияқты барлық қажетті жабдықтар бар. Бөлімшеде дәрігерлер шұғыл және жоспарлы түрде емделетін науқастарды қабылдайды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан халқына Жолдауында елімізідің басты құндылығы адамдар екенін нақты атап өткен болатын. Мемлекет басшысының ұлт денсаулығын жақсарту туралы берген тапсырмасына сай Шымкентте осындай бірегей бөлімдер ашылуда. Онда барлық жағдай жасалынған. Алдағы уақытта материалдық базасыда нығайып, ел игілігі үшін қызмет етпек.

Предыдущая запись
​Юным пациентам Шымкента начали проводить сложные ЛОР-операции
Следующая запись
Беглым коррупционерам не скрыться: страны СНГ договорились выдавать друг другу разыскиваемых мздоимцев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню