Шымкентте жолға қатысты бес ірі нысан пайдалануға беріледі

Теги: ,
413

2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында жыл сайын 200 шақырымнан астам жол орташа жөндеуден өтеді.

Биыл 187 нысан, 350 шақырымнан астам жол, оның ішінде қала орталығындағы негізгі көшелер мен шалғай нүктелердің жолы қалпына келтірілмек.

Биыл жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында бес ірі нысан пайдалануға беріледі.

Атап айтсақ:

— Қонаев даңғылының жалғасын салу, 3-кезеңдегі құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған, осы жылдың шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Қазіргі уақытта жұмыстың 90 пайызы орындалды.

– А-2 автожолының 2-кезеңінде айналма жол айырығының құрылысы жүргізіліп, жұмыстың 50 пайызы орындалды.

– Самал-1, 2, 3 шағынауданының негізгі және қалаішілік көшелеріне 12,2 шақырым жол салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда жұмыстың 95 пайызы орындалды.

– Рысқұлов – Қонаев көшелерінің қиылысындағы жол айрығын салу жұмыстары аяқталып, жұмыстың 90 пайызы орындалды.

— Рысқұлов және Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолаушылар өткелінің құрылысы бойынша жұмыстардың 90 пайызы аяқталды.

Қазіргі уақытта жобаларға 38 мердігер тартылған. 61 көшедегі жол жұмыстарына мердігерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Предыдущая запись
Пять крупных объектов будут введены в эксплуатацию в дорожной отрасли в Шымкенте
Следующая запись
Социальный эксперимент: насколько дружелюбна южная столица к людям с инвалидностью

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню