Шымкенттегі 276-шы кварталға жарық пен газ тартылып жатыр

Теги: ,
234

Қала әкімдігінің өкілдері «Сәуле» шағын ауданындағы 276- кварталды аралап, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарының қалай жүріп жатқанын тексерді.

«Қазір инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Электр жарығын жеткізу бойынша құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталды. Ұзындығы 76,2 шақырымды құрайтын орамішілік желі тартылады. Бүгінгі таңда жұмыстың 95 пайызы орындалды. Жұмыс шілде айында тапсырылады. Нәтижесінде 1300-ден астам абонент қоғамдық жарықтандыруды пайдалана алады», — деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шенеуніктердің айтуынша, табиғи газбен қамтамасыз ету үшін кварталішілік құбырларды тарту жұмыстары 2022 жылдың шілдесінде басталады. Газ желілерінің ұзындығы 28 шақырымды құрайды. Бұл жұмыстар 2022 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Бұл шараны тұрғындар бір жылдан астам күткен.

Ауыл тұрғыны Самал апа: «Бұл жерге көшіп келгенімізде алғашында қиын болды. Жол бар, бірақ әбден бұзылған. Балалар мектепке жеткенше балшық илеп барады. Жекенің қолындағы жарық бар. Жел соққан сайын сөніп қалады. Газ туралы мүлдем жақ ашпаймын. Көмір, күл шаңын жұтуды қашан қоямыз деп армандаймыз. Бізге үлкен жол салып берді. Автобус жіберді. Жарықты мемлекеттік желіге ауыстырды. Қазір енді газ құбырын тартып жатыр. Балаларымыз бен немерелеріміз нағыз қаладағыдай өмір сүретін болады. Біз де Алла Тағаланың берген өмірін сүреміз», — деді.

«Сәуле» шағынауданының тұрғындары 2023 жылды көгілдір отынмен жылытылатын үйлерде қарсы алуы әбден мүмкін.

Предыдущая запись
Свет и газ проводят в 276-й квартал Шымкента
Следующая запись
Собака Нацгвардии Караганды будет представлять город на соревнованиях кинологов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню