​Шымкенттің білім басқармасы «Күнделік» электронды журналын жүргізгені үшін сыйлық алды

Теги: ,
280

Шымкенттің білім басқармасы «Күнделік» электронды журналын үздік жүргізгені үшін басты сыйлыққа ие болды.

20-маусымда журналдың «Алтын белгісі» Шымкент білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваға табыс етілді. Бұдан бөлек, әдістемелік көмек көрсете отырып, «Күнделіктің» тұрақты жұмыс істеуін үйлестірген, сөйтіп үш оқу жылында республика бойынша бірінші орын алған мамандар алғыс хаттармен марапатталды.

«Шымкент қаласын «Алтын белгі» құрмет марапатын алуымен құттықтаймыз! Шымкент қаласы екінші жыл қатарынан «Күнделік» (Kundelik) электронды журналын сапалы және уақытылы толтыру бойынша құрметті бірінші орынға ие болды. Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның жоғары кәсібилік, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиеттері осындай тамаша, жоғары тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Ақпараттық технологиялар орталығының директоры Меруерт Медетбекова мен Ақжарқын Усманқызының мұғалімдердің жұмысын үйлестіре білуін және жұмысқа деген жоғары кәсіби көзқарасын атап өткіміз келеді»,-делінген электронды журналдың сайтында.

«Kүнделік» – қазақстандық IT-компания жасап шығарған мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар, білім беру ұйымдарының әкімшілігі, білім басқармасы органдарының өкілдеріне арналған бірыңғай электронды білім беру ортасы. Компания қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мектептегі білім беруді жаңғырту және «педагог – оқушы – ата-ана» арасындағы интерактивті коммуникацияны дамыту.

Предыдущая запись
Управление образование Шымкента получило приз за ведение журнала «Kүнделік»
Следующая запись
В Шымкенте на территории индустриальной зоны «Тассай» полностью сгорела столовая

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню