Шымкенттіктер арнайы бағдарлама бойынша жеңілдетілген баспанаға қол жеткізе алады

Теги: , ,
318

Шымкентте 20 маусым мен 19 шілде аралығында «Бақытты отбасы 2-10-20» несие желісі бойынша өтініштер қабылданып жатыр. 2022 жылы үшінші мегаполистегі лимит 400-ден астам отбасына таратылады.

Осы бағытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы тұрғын үй кезегінде тұрған 292 отбасы (оның ішінде 113 көп балалы, 134 толық емес отбасы және 45 мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы) «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы несиелік баспанамен қамтамасыз етілді. 2020 жылы қалада 292 отбасы жеңілдетілген несиелік пәтермен қамтылды. Бөлінген лимитке сәйкес 2021 жылы несиелік негізде 589 отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бүгінгі күні бағдарлама бойынша 363 отбасы (көп балалы отбасы – 173, мүгедек бала асырап отырған отбасы 160, толық емес отбасы – 30) баспаналы болды.

Шымкентте 2022 жылы лимит 449 отбасына бөлінеді. Оның 195-і көп балалы отбасы, 35-і мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы, 219-ы толық емес отбасы. Осы бағдарламаға қатысушыларға 2022 жылы әлеуметтік көмек ретінде бастапқы жарнаны өтеу үшін 500 азаматқа сомасы 1 млн теңгеге дейін қайтарылмайтын негізде тұрғын үй сертификаты беріледі.

«Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты бойынша өтініштерді қабылдау 20 маусым мен 19 шілде аралығында «Отбасы Банкі» АҚ интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады. Аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй сатып алуға 20 жылға бастапқы жарна 10 пайыздан кем емес, жылдық 2 пайыздан аспайтын мөлшерлемемен несие беру қарастырылған.

Бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген мүгедек баланы тәрбиелеп отырған, көп балалы, толық емес отбасылар қатыса алады.

Қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) Қазақстан Республикасының аумағында өтiнiш берушiнiң және онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң өтiнiш берiлген күнiне меншiк құқығында тұрғын үйi болмауы тиіс;

3) отбасы мүшелерінің әрқайсысының (өтініш берушімен және онымен бірге тұрақты тұратын) соңғы 6 айдағы айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 мөлшерінен аспауы тиіс;

4) неке бұзылған кезден бастап үш жылдық кезеңнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);

5) отбасының еңбек және кәсіпкерлік қызметтен түскен жиынтық табысының болуы;

6) төлем қабілеттілігін растау;

7) тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу журналында тұру.

Несие шарттары:

— несиенің мақсаты – бастапқы және қайталама нарықта тұрғын үй сатып алу;

— тұрғын үй сатып алу кезіндегі несиенің максималды сомасы – 15 миллион теңгеден аспайды;

Тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялауға өтініштер Мемлекет басшысының 2022 жылғы 18 сәуірдегі өкімінің негізінде қабылданды. Қазіргі таңда тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялауға кезекте тұрған 1201 азаматтың өтініші мақұлданды, «Отбасы банкі» АҚ-мен келісім-шарт жасалуда. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаражат бөлiнгеннен кейiн тұрғын үйдi субсидиялауға өтiнiшi мақұлданған азаматтарға тұрғын үйдi жалдау ақысының 50 пайызын мемлекет төлейдi. Субсидияланатын ең жоғары сома мемлекет бекіткен отбасы мүшелерінің санына байланысты және 85 678 теңгеден аспайды.

Жалға алуды субсидиялау бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар қатыса алады.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) отбасының (азаматтың) соңғы 6 айдағы әрбір отбасы мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген мөлшерінен аспайтын жиынтық табысының болуы;

3) тұрғын үйге мұқтаж адам ретінде есепке қоюды және тұрғын үйге мұқтаж тұлға мәртебесін растау;

4) тұрғын үйдің меншік иесі мен жалға алушы арасында жасалған құқықтық кадастрда тіркелген шарттың болуы.

Өтініштер www.otbasybank.kz сайтында электронды сандық қолтаңба арқылы онлайн режимінде қабылданады. Субсидия алуға өтініш берушінің банкте ағымдағы шоты болуы керек.

Азаматтар тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялау туралы қосымша ақпаратты Бейбітшілік көшесі, 3 мекенжайы бойынша «Аманат» партиясы қалалық филиалында орналасқан «Отбасы банкі» қызметкерлерінен ала алады.

Предыдущая запись
Шымкентцы могут получить льготное жилье по особой программе
Следующая запись
Ақтөбеде бірнеше отбасы бір күні өртеніп кетеміз бе деген қорқынышпен күн кешуде

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню