​Түркістан облысының полицейлері «Соңғы қоңырау» күні құжатсыз көлік басқарған жасөспірімдерді анықтады

Теги: ,
229

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мектептер мен көшелерде тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде кәмелет жасына толмаған мектеп бітіруші 3 жасөспірімнің құжатсыз автокөлік басқарғанын анықтады.

Олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» хаттама толтырылды. Жасөспірімдер басқарған екі көлік ресейлік нөмірмен болған.

Бұдан басқа мемлекеттік тіркеу нөмірсіз көлік басқарған 2 жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігімен «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» жауапқа тартты. Қазіргі таңда 4 автокөлік айыптұраққа қойылды.

«25 мамыр «Соңғы қоңырау» күні Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен облыстағы мектептерге бөлініп, арнайы рейдтік-профилактикалық жұмыстарды жүргізуде. Әсіресе жас түлектердің қызық қуып, қандай да жол ережесін бұзбауы, тау-қырға, табиғат аясына шығамыз деп, апатты жайттарға тап болмауы қатаң қадағалауға алынды. Осындай шара кезінде бірнеше жасөспірім анықталды. «Соңғы қоңырау» күніне арналған арнайы рейдтік шара түнгі мезгілде де жалғасады. Сондықтан жол қозғалысы ережесін қатаң сақтаңыздар!», — деп ескертті Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлнәр Әбдірахманқызы.

Предыдущая запись
​36-летнему поджигателю леса в Риддере вынесли приговор
Следующая запись
Жителя Шымкента приговорили к трем годам тюрьмы за участие в январских событиях

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню