Қазақстандық ғалымдардың жалақысы 70 пайызға өсті

229

Сөйтіп, отандық ғалымдардың еңбекақысы 257 мың теңгеге дейін енді ғана өсті. Мұндай мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі келтіріп отыр.

Осыған дейін ғалымдардың еңбекақысы тұрақты болмады және конкурстардың нәтижелеріне байланысты болатын. Енді олар гранттық және нысаналы қаржыландыру бағдарламасына арналған конкурстық рәсімдерге қарамастан тұрақты еңбекақы алатын болады.

Енгізіліп жатқан қаржы реформалары 1200-ге жуық жетекші ғалымның жалақысын 70%-ке, яғни 152 мың теңгеден 257 мың теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар 74 ғылыми зерттеу институттың кадрлық әлеуетін, ғылыми әлеуетін және отандық ғалымдардың құзыретін нығайтуға ықпал етеді.

Министрлік зерттеуші ғалымдарға қажетті жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі. Ведомство ғалым мәртебесінің қаржылық тұрғыдан тартымды болуы, сондай-ақ көкейтесті ғылыми идеялардың тұрақтылығы мен жүзеге асырылуына кепілдік беру үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында іргелі ғылым мен зерттеу институттарын базалық қаржыландыру көлемін ұлғайту мәселесі шешілді. Ғылым туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді.

Предыдущая запись
Зарплата казахстанских ученых выросла на 70%
Следующая запись
​Жители какого района Шымкента будут платить меньше за комуслуги

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню