ІІО-да қызмет еткен Ұлы Отан соғысының ардагері 98 жасқа толды

482

ІІО-да қызмет еткен жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері 98 жасқа толды.

Polisia.kz ақпаратына сәйкес, оОсы атаулы күні ардагерді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшылығы мен бөлімшенің жеке құрамы туған күнімен құттықтады.

– Құрметті Қамбар Әмірұлы! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 77 жыл болды. Бірақ сіздердің ұлағатты істеріңіз ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Елді кеудесімен қалқан етіп, әлемді фашизмнен аман алып қалған аға ұрпақтың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Ол туралы естелік ұрпақтан ұрпаққа – ата-анадан балаға, жүректен – жүрекке беріледі. Әсіресе, бүгінде бейбітшіліктің қадірін жақсы білуіміз керек. Сол кезде әкелеріміз бен аталарымыз жеңіске жетпегенде бүгінгі тәуелсіздікке қол жеткізер ме едік – белгісіз. Сізге шын жүректен денсаулық тілеймін! Құдай қаласа, екі жылдан кейін 100 жылдық мерейтойыңызды отбасыңызбен, достарыңыздың ортасында тойлауыңызға тілектеспін!, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Ақсақал қонақтарға бейбітшілік, мейірімділік пен амандық тілей отырып, бата берді. Қамбар Сәрсенов 1924 жылы Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Күнтимес ауылында дүниеге келген. 1942 жылы тамызда он жеті жасында Меңдіқара РВК-мен Орал әскери округінің 3-ші жеке оқу бригадасы атқыштар мектебінің курсанты болып Қызыл армия қатарына шақырылды. 1943 жылдың маусымында жас жауынгер Калининнің 4-ші соққы Армиясының, содан кейін 1-ші Балтық және 3-ші Беларусь майдандарының 19-шы атқыштар полкінің құрамында майдан шебінде болды. Калинин және Псков облыстарын азат етті. 1944 жылдан бастап 51 Қызыл Ту, Суворов орденді, Витебск атқыштар дивизиясының 30-шы жеке барлау ротасында қызмет етті. Белоруссияны, Латвияны, Литваны, Польшаны, Кенинсберг қалаларын азат етті. Қатты жараланған. Соғыстың соңғы айларында барлаушы батырымыз тағы екі рет жараланып, Жеңіс күнін Кенинсбергте тойлап, содан соң Польшаға жіберілді.

Содан кейін ғана үш рет жараланған соң демобилизацияланды. Қамбар Әмірұлы 1947 жылы аудандық комсомол комитетінде екінші хатшы болып жұмыс істегеннен кейін Алматы қаласындағы КСРО ІІМ-нің үш жылдық офицерлер мектебіне курсант болып оқуға түседі. 1950-1980 жылдар – ІІО-ғы қызметі. – кіші лейтенанттан полковникке дейін. – қатардағы жедел уәкілден Қазақстан ІІМ мемлекеттік күзет қызметі Басқармасының бастығына дейін. 1980-1997 жж – Алматы қаласындағы стратегиялық нысандарды күзету бойынша Азаматтық қорғаныс жүйесінде жұмыс істеген. Отан алдындағы жанқиярлық қызметі және борышын үлгілі атқарғаны үшін полковник Қ.Ә.Сарсенов көптеген үкіметтік наградалармен марапатталған,

“КСРО милициясының үздігі” төсбелгісінің иегері. Осы марапаттардың барлығы екі Ұлы Отан соғысы І және ІІ дәрежелі ордендерімен, ІІ және ІІІ дәрежелі “Даңқ” ордендерімен, Қызыл Жұлдыз орденімен және “Әскери еңбегі үшін» және “Кенигсбергті алғаны үшін” медальдарымен қатар жүреді.

Предыдущая запись
Единственному служившему в полиции ветерану ВОВ исполнилось 98 лет
Следующая запись
​Түркістан облысында қатты жауын жауып, бүлдіршін қайтыс болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню