Нидерланды делегациясының сапары: Қазақстан мен Голландия 450 млн еуроның келісімшарттарына қол қойды

245

​Астанада нидерландылық компаниялар делегациясының қатысуымен «Қазақстан-Нидерланд инвестициялық дөңгелек үстелі» өтті.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және Қазақстан Республикасының Нидерландыдағы Елшілігі ұйымдастырған шараға 100-ден астам делегат қатысты.

DSC_0334(изм).jpg

Қазақстан мен Нидерланды арасындағы экономикалық қатынастар қарқынды дамып келеді. 2011 жылдан бері Нидерландыдан келген инвестиция ағыны 23,7 миллиард долларды құрады, оның үстіне «қызғалдақтар елі» көп жылдар бойы қазақстандық инвесторлар арасында көшбасшы болып келеді.

DSC_0348(изм).jpg

Құттықтау сөздермен дөңгелек үстелді екі елдің елшілері ашты. Қазақстанның Нидерландыдағы Елшісі Асқар Жұмағалиев атап өткендей, пандемиядан кейін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүкіл әлем үшін басымдық болып табылады. Өз кезегінде Нидерландының Қазақстандағы Елшісі Андре Карстенс бұл іс-шара экономикалардың өзара дамуын қамтамасыз етуге, еңбек жағдайларын әртараптандыруға және жеңілдетуге, сондай-ақ елдердің бизнестік ынтымақтастық үшін жақсы жағдай жасауға елеулі үлес қосуы тиіс екенін айтты.

DSC_0439(изм).jpg

Құттықтау сөздерден кейін дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай сөз сөйлеп, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қарым-қатынастарды кеңейтудің зор әлеуетін атап өтті. Өз кезегінде, Нидерланды Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы өкілі Фредерик Воссенар, шағын территориясы бар, ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік экспорты бойынша әлемде 2 орынды иеленетін Голландия фермерлерінің табыс тарихына тоқталды.

DSC_0420(изм).jpg

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Темірғали «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасап, голландиялық компаниялардың қоржынының энергетикалық сектордан өңдеуші өнеркәсіптер: тамақ өнімдерін өндіру, машина жасау, фармацевтика және т.б. салаларына қарай әртараптандыруға мүдделілігін атап өтті. Атап өткен жөн, Нидерланды Қазақстан экономикасына ірі инвесторлардың бірі болып табылады. Корольдіктен елімізге 2021 жылы инвестиция ағыны 6,9 млрд долларды құрады.

UPOV бас хатшысының орынбасары Питер Баттонның айтуынша, Қазақстанның өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одақ (UPOV) қатарына кіруі ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді. Баттон мырза Одақ Қазақстанды өз қатарына қабылдауға және тәжірибе, жаңа технологиялар мен білім алмасудың арқасында бүкіл республика бойынша шаруа қожалықтарын жоғары деңгейге шығаруға дайын екеніне сендірді.

DSC_0344(изм).jpg

Philips вице-президенті Ян-Виллем Схейгронд өз сөзінде Қазақстанның бүкіл ел тұрғындарына жоғары сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетуге ұмтылысын атап өтті. Компанияның Қазақстандағы 25 жылдық жұмысында ол үкіметтің осы бағыттағы прогрессивті қозғалысын атап өтті, бұл өмір сүру ұзақтығы сияқты маңызды факторға әсер ететіні сөзсіз. Ол қазақстандық әріптестермен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді. Жауап сөзінде «СК Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев медициналық орталықтарды орталықтандыру бағдарламасы аясында Philips компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою Қазақстандағы медицинаны жетілдірудегі және медицинаны цифрландыру саласында тәжірибе алмасуға маңызды қадам болатынын айтты.

(changed)WhatsApp Image 2022-10-11 at 21.37.15.jpeg

«Dutch Clean Tech» компаниясының президенті Сандер Пилкенруд ауыз суды тазарту саласындағы жобаларды жүзеге асыруға дайын екендігі туралы айтты. Оның айтуынша, олар қазірдің өзінде әлем бойынша 1000-нан астам жобаны жүзеге асырған және бұл тәжірибені Қазақстанда да қолдануға дайын.

DSC_0340(изм).jpg

Негізгі сессия аяқталғаннан кейін қатысушылар жалпы сомасы 450 миллион еуродан асатын құжаттарға қол қоюға көшті.

Осылайша, Lely Group пен BIK Павлодар облысында автоматтандырылған сүт фермасын құру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Philips» компаниясы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасында денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, KAZAKH INVEST компаниясы Голландиялық Clean Tech компаниясымен Қазақстандағы кәріздік тазарту қондырғылардың құрылысы жобасын жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойды.

«Rijk Zwaan» және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК тұқым шаруашылығы бойынша бірлескен жұмыс туралы Келісімге қол қойды.

Сондай-ақ, Нидерланд Корольдігінің Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Дөңгелек үстел «Мал, құс шаруашылығы, ет және сүт өндірісі, ветеринария» және «Жылыжай секторын дамыту» панельдік сессияларында жалғасын тапты. Панельдік талқылаулар барысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері, жаңа технологиялар және оларды Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері талқыланды.

Дөңгелек үстел «UPOV AND NAKTUINBOUW ТҰҚЫМДЫ ДАМУ БОЙЫНША» атты семинармен және екіжақты кездесулермен аяқталды.

Предыдущая запись
Визит делегации Нидерландов: Казахстан и Голландия подписали контракты на 450 млн евро
Следующая запись
Лайфхак: Корея готова внедрить технологию производства стеновых материалов из промышленных отходов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню