Еліміздегі алғашқы жеке индустриялық аймақ Шымкентте салынып жатыр

Теги:
355

Қалада екі индустриялық аймақ салынып жатыр.

Біріншісі – «Жұлдыз», жалпы ауданы — 306 гектар. Оның аумағында машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында бес мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. 200 млрд теңгені құрайтын 50-ден астам ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Екінші аймақ – «Стандарт» Қазақстандағы бірінші жеке индустриялық аймақ. Оның ауданы — 118,9 га. Мұнда 176 мың шаршы метр дайын өндіріс алаңын салу жоспарлануда, оның ішінде 64 мың шаршы метр қойма алаңы болады. Екі аймақ та мемлекет басшысының 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында салынып жатыр.

Сонымен қатар, ауданы 133 гектарды құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агроөнеркәсіптік аймағының құрылысы жүргізілуде. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін өндіріс орындары. Мұнда 21-ші жобаны жүзеге асыру үшін 23 миллиард теңге инвестиция тартылып, 1500 жұмыс орны құрылады.

Жалпы, биыл ауыл шаруашылығы саласында 369 жұмыс орны ашылатын 11 миллиард теңгенің 14 жобасы жүзеге асырылмақ.

Предыдущая запись
В Шымкенте строят первую в стране частную индустриальную зону
Следующая запись
В Шымкенте 8 200 учащихся сдают ЕНТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню