«1 млн ұттыңыз»: Мақтааралда 10-нан астам тұрғын Instagram арқылы алданып қалды

Теги: ,
280

Түркістан облысы, Мақтаарал аудадық полиция бөліміне 10-нан астам жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын көрсеткен. Олардың айтуынша, ұялы телефондарына белгісіз ер адам хабарласып, «1 млн теңге ұтыс ұттыңыз» деп сенімдеріне кірген. Аталған ірі көлемдегі қаражатты алу үшін тұрғындардан 10 000-30 000 теңге көлемінде ақша алған. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Полицейлер жедел әрекет етіп, тұрғындарды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіру бағытында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Тұрғындарды алдаған күдікті жұмыссыз, жас жігіт екені анықталды. Ол ұсталды. Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты»,-делінген ведомства мәліметінде.

Анықталғандай, күдікті Instagram әлеуметтік желісінен «Komek_Halikka» атты парақша ашып, сол арқылы тұрғындардың WhatsApp мессенджеріне шыққан. Одан әрі сенім білдіргендермен тілдесіп, 11 тұрғыннан 250 000 теңгеге жуық ақша алған. Ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген.

Ұсталған жас жігіт өз кінәсін мойындаған және жәбірленушілерден алған ақшаны қайтарған.

Мақтаарал аудандық сотының үкімімен 26 жастағы күдікті кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Предыдущая запись
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Следующая запись
Как СПК «Shymkent» имитировал бурную деятельность по стабилизации цен на муку

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню