400 мың теңге бермесең, дүкеніңді өртейміз!

Теги: ,
209

Ақтөбеде кәсіпкерді қорқытып, ақша бопсалап жүргендер ұсталды.

«Полиция департаментінің кезекші бөліміне 48 жастағы ер адам хабарласты. Оның айтуынша, белгісіз біреулер азық-түлік дүкенін өртейміз деп қорқытып, бопсалап жүрген. Күдіктілер ай сайын 400 мың теңге ақша төлеуді талап еткен.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 100 мың теңге ақшаны беру кезінде төрт күдіктіні ұстады. Ұсталғандар қылмыстарын мойындады, 100 мың теңге ақша тәркіленді.

Аталған дерек негізінде ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі «Бопсалаушылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды» деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Предыдущая запись
Французскую винтовку образца 1886 года добровольно принес в полицию житель столицы
Следующая запись
«Вешалка дороже кофточки»: как супруги из Нур-Султана помогают малообеспеченным семьям

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню