Ақмолада 51 жастағы ер кісі бөтелкелесін атып өлтірді

Теги: ,
361

Ақмола облысында екі ер кісінің отырысы кісі өлімімен аяқталды. Оқиға 18 шілде күні Целиноград ауданының Қаратомар ауылынды болған. Кісі өлімі туралы полицейлерге дәрігерлер хабарлаған. 36 жастағы ер жігіт елордадағы аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адамға Нұр-Сұлтан қаласының 51 жастағы тұрғыны оқ атқаны анықталды. Белгілі болғандай, 18 шілде күні бір іс-шарада кездескен екі ер адам қосылып арақ ішкен. Кейін Қаратомар ауылында отырысты жалғастырған. Түннің бір уағында екеуі жанжалдасып, күдікті сол ауылда жалға алған үйде сақталған мылтықпен досына оқ атқан. Күдікті қамауға алынды», — деді департаменттегілер.

51 жастағы күдіктіден МР-153 мылтығын тәркіленді.

Предыдущая запись
Семь лет лишения свободы для лжегенерала
Следующая запись
Вас выселяют? Защитите свои права

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню