Ақмолада сіріңкемен ойнаған бір үйдің екі бүлдіршіні қайтыс болды

Теги: ,
194

Ақмола облысында үлкендердің қарауынсыз қалып, сіріңкемен ойнаған екі бүлдіршін тұншығып қайтыс болды. Оқиға 11 тамызда Жақсы ауданының Жаңа Қима кентінде орын алған. 2019 және 2017 жылғы туған екі қыз сіріңкемен ойнап, салдарынан үйдегі жиһаз өртенген. Екі пәтерлі тұрғын үй түтіндеген. Көк түтінді көрген көршілері өрт сөндірушілерді шақырып, терезені сындырып, балаларды сыртқа алып шыққан.

«Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 5 минут ішінде жетті. Түтіннен уланған балалар Қима ауылдық ауруханасына жеткізілді. Өкінішке орай, олар медициналық мекемеде естерін жимастан көз жұмды. Өрттің алдын ала себебі – балалардың отпен ойнау»,-деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Қайғылы оқиға кезінде балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы аз уақытқа дүкенге шығып кеткен екен.

Предыдущая запись
Двое детей погибли, пока мать вышла в магазин
Следующая запись
Канализационные системы появятся еще у 65 тысяч шымкентцев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню