Ақтөбе: 80 шақты үлескер пәтерін ала алмай жүр

Теги: ,
398

2018-2019 жылдары Ақтөбедегі «Алашорда» тұрғын үй кешеніне 77 үлескер ақша құйған. Бәрінің қолында пәтерлер 2020 жылдың жазында дайын болады деген келісім-шарт бар. Алайда, айтылған мерзімнен асып, екі жыл өтті, уәде етілген үй әлі дайын емес. Жоба бойынша, тұрғын үй кешені үш бөлек үйден тұрады. Қазір соның біреуі ғана тұрғызылған. Қабырғасы қаланып, терезесі салынған. Ішкі әрлеу жұмысы әлі басталмаған.

Қала тұрғыны Кира Серік сол кешеннен екі пәтер алған.


«Екеуінің де ақшасын толық төлеп қойдым. Келісім-шарт бойынша, біреуі былтыр тамыз айында берілуі керек еді. Бір жыл өтті, құрылысы бітпей жатыр. Екінші пәтерім өткен жылдың желтоқсанында дайын болуы тиіс еді. Ол үйдің іргетасы да құйылмаған. Қазандығын енді бастап қазып жатыр», — дейді үлескер. Ол не ақшасыз, не пәтерсіз қаламын ба деп қауіптенеді.

Гүлбаршын Теміртаева да үй құрылысына екі бөлмелі пәтердің үлесі — 12 миллион 600 мың теңге салған.


«Былтыр мамыр айында келісім-шарт жасаған кезде құрылыс компаниясының басшысы екі айдан кейін кілтіңді аласың деді, одан бері 1 жыл, 2 ай өтті, кілтім жоқ! Құрылыс тұр. 9 қабатты үйдің 5 қабатына дейін едені төселген. Қалған қабаттарда ештеңе істеліп жатқан жоқ. Жылу жүйесі жоқ. Қазандығы дайын емес. 3-4 айдан кейін жылыту маусымы басталады. Сонда біз қай кезде пәтерге кіреміз?!», — дейді тұрғын.

«Ақтөбедегі алғашқы ақылды үй дегенге қызығып сатып алып едік, сан соғып қалдық», — деді Гүлбаршын Теміртаева.

Құрылыс компаниясындағылар үйді бітіретін қаржының тапшы екенін айтып, ақталды. «Пандемияның кесірінен бір жыл құрылыс тоқтап тұрды. Одан кейін құрылыс материалдары қымбаттап кетті. Біз ақша жеткізу үшін жобаны өзгерттік. 13 қабатты үйдің тек 9 қабатын салатын болдық. Ол аяқталып қалды. Сол үйді осы жаздан қалмай, тапсырамыз. Нақты айтсам, үйдің бірінші подъездінің тұрғындары шілденің аяғында үйлеріне кіреді. Ал, екінші подъезд тұрғындары сәл күтуі керек, кілттерді 2-3 аптаға кешіктіріп, тамыз айында береміз», — деді «Алашорда» тұрғын үй құрылыс кооперативінің басшысы Нұрбек Байғұттиев.

Оның бұл сөзіне үлескерлер сене қойған жоқ. Тамызда үйімізге кірмесек, сотқа жүгінеміз деп тарады жұрт.

Предыдущая запись
Судмедэксперты РК: погибший солдат-срочник находился в наркотическом опьянении
Следующая запись
Түркістан облысы: 8 жасар өгей қызын зорлаған ер адам 25 жылға сотталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню