Аса ауыр қылмыстық іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Судья Дәурен мадалиевтің дерегінше, сотта 1983 жылы туған өгей әке өз қылмысын ішінара ғана мойындаған. Ол кішкентай қызға әйелімен үйленгелі бері, яғни 2019 жылдың қаңтарынан бері сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасап келген. Бірақ өзінің зорлау әрекетке бір-ақ рет барғанын айтқан. Бұл осы жылдың 23-ші ақпаны. Ол күні үйде әйелі жоқтығын пайдаланған ол 8 жасар қызды зорлап, денсаулығына едәуір зақым келтірген.
«Аталған тұлғаның кінәсі толық іс материалдарымен дәлелденген. Нәтижесінде сот оны Қылмыстық кодекстің 120 бабы 4 – бөлігімен және 121 бабы 4-ші бөлігімен кінәлі деп танып, жалпы 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тағайындаған. Сонымен қатар сот психиатриялық сараптама қорытындысына сай сотталушы «педафилия» ауруымен ауырғандықтан сот оған химиялық кастрация түріндегі медициналық емдеу тағайындаған»,- деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Төрағасының міндетін атқарушы Дәурен Мадалиев.
39 жастағы сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша қатаң түзеу мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.