528
Жазатайым оқиға кешкі уақытта қаладағы қараусыз қалған элеваторда болған. Полицияның ақпараты бойынша, әуелі кезекші бөлімге үй ауласынан оқушы жоғалып кетті деген ақпарат түскен. Тәртіп сақшылары үй айналасын шолып шығып, жақын маңдағы иесіз элеватор ғимаратын тексерген кезде тереңдігі 10 метр болатын астық сақтайтын резервуар ішінен ес-түссіз жатқан баланы тауып алған. Жеткіншек ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір жан сақтау бөлімінде комада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жарақаты көп, жабық бас ми жарақатын алған. Жамбасы сынып, бүйрегі зақымданған. Жағдайы өте ауыр. Жасанды тыныстандыру аппаратының көмегімен дем алып жатыр.