Ақтөбе: 9 жастағы бала ескі элеваторда ойнап жүріп, құлап кетті

Теги: ,
319

Жазатайым оқиға кешкі уақытта қаладағы қараусыз қалған элеваторда болған. Полицияның ақпараты бойынша, әуелі кезекші бөлімге үй ауласынан оқушы жоғалып кетті деген ақпарат түскен. Тәртіп сақшылары үй айналасын шолып шығып, жақын маңдағы иесіз элеватор ғимаратын тексерген кезде тереңдігі 10 метр болатын астық сақтайтын резервуар ішінен ес-түссіз жатқан баланы тауып алған. Жеткіншек ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір жан сақтау бөлімінде комада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жарақаты көп, жабық бас ми жарақатын алған. Жамбасы сынып, бүйрегі зақымданған. Жағдайы өте ауыр. Жасанды тыныстандыру аппаратының көмегімен дем алып жатыр.

Предыдущая запись
40 тысяч за марихуану в зону: осужденный пытался купить траву в Карагандинской области
Следующая запись
Атырау облысы: Бүгіннен бастап Қашаған кен орнының теңіз және құрлық кешендеріндегі өндірістік нысандары жұмысын тоқтатады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню