304
№2 қалалық сотының судьясы бүгін оларды қылмысқа кінәлі деп танып, үшеуіне бірдей — 3,6 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза берді. Ақтөбе облыстық сотының Faсebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланғандай, үш жігіт биылғы қаңтар оқиғасы кезінде Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайға шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 269-бабы, 1-бөлімімен («Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу») қылмыстық іс қозғалған. Бүгінгі сот үкіміне сәйкес, сотталғандар жаза мерзімі біткенше пробациялық бақылауда болады.