Ақтөбе: бір күнде екі адам суға кетті

Теги: ,
539

Қайғылы оқиғаның біреуі кеше түнде қаладағы “Tropicana” жағажайында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, құтқарушылар 27 жастағы жігіттің мәйітін жағадан 10 метр жерде 2 метр тереңдіктен шығарып алған. Куәгерлер жігіттің мас күйінде суға түскенін айтқан. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Екінші жағдай Мұғалжар ауданы, Шеңгелши ауылы маңында тіркелді. Жем өзеніне 34 жастағы жігіт батып кетті. “Ол — Талдықорған қаласының тұрғыны. Ақтөбеге қызмет бабымен келген. Әріптестерімен жұмыстан кейін су жағасында демалған. Жігіт жүзу білмеген. Оның денесі бүгін таңертең 4 метр тереңдіктен шығарылды”, — дейді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иса Байтұрсынов.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 10 адам суға кеткен, соның бесеуі — бала.

Предыдущая запись
​Два человека утонули за сутки в Актюбинской области
Следующая запись
Шымкентте 1 жасар бала бассейінге құлап, суға батып кетті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню