355
Полицияның дерегі бойынша, «ЗАЗ-Шанс» автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі 6-маусым күні таң ата жолға шығып, бұрылыстардың бірінде рөлге ие бола алмай, аударылып, Қарақобда өзеніне түсіп кеткен. Ер адам сол жерде қаза болды. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.