Ақтөбе облысы: ағайынды жігіттер жарты жыл бойы ауылдастарының малын ұрлап, Атырауға жөнелтіп отырған

Теги: ,
299

Қылмыс жақында ашылды. Полицияның дерегі бойынша, учаскелік инспектор Оймауыт ауылы маңында Байғанин ауданының 31 жастағы тұрғыны жүргізген «УАЗ» автокөлігін тоқтатқан. Жүксалғышын тексерген кезде екі сиырдың еті мен тірі қой тапқан. Малдың ешбір тиісті құжаты жоқ.

Кейін күдіктінің үй ауласынан бірнеше малдың терісі табылыпты. Үй иесі ағасымен бірге ауылдың еркін жайылымда жүрген малын ұрлағанын, оны сойып Атырау облысы, Құлсары қаласына жіберіп отырғанын мойындаған. Екеуі былтыр желтоқсан айынан бері ауылдастарының алты ірі қарасын ұрлап, сатып жібергені анықталды. Қазір полиция олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Дерек бойынша “Мал ұрлығы” бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, 5 жылға дейінгі мерзімге сотталады.

Предыдущая запись
Чем отличается рай от свободы: необычная постановка на сцене Карагандинского театра
Следующая запись
Түркістан облысы: Сарыағаш ауданының тұрғыны ауласына 2 720 түп көкнәр еккен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню