444
Полицияның дерегі бойынша, Алға ауданы Қарабұлақ ауылынан 3 шақырым жерде 53 жастағы шаруа қожалығының басшысы мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ «BAIGE» мотоциклімен келе жатып, қырдан түсе бергенде рөлге ие бола алмай аударылған. Ол Алға аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, кейін жан сақтау бөлімінде көз жұмды.
Екінші жол апаты Темір ауданында тіркелген. Мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз «RACER» мотоциклін мінген 49 жастағы ер адам далалықта көлігін басқара алмай аударылған. Жүргізуші алған жарақатынан сол жерде жан тапсырды.
Қайтыс болған екі кісінің де жүргізушілік куәлігінде мотоцикл айдауға құқық беретін санаты болмаған.